-A A +A

2013 жылдың бірінші жарты жылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ТӨ нысаны (бұдан әрі 1-ТӨ есебі) есебінің деректеріне сәйкес 2013 жылдың 1-жарты жылдығында НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzне (комитеттерді қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалардың 5615 өтініші келіп түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (7747 өтініш)  келіп түскен өтініштердің азаюы 27,5% құрайды.

Оның ішінде жеке тұлғалардың өтініштері 3334 (2012 ж. 1-жарты жылдығында 4593), заңды тұлғалардың өтініштері 2281 (2012 ж. 1-жарты жылдығында 3154).

Жоғары тұрған органдардан 48 өтініш келіп түсті.

5142 өтініш қаралды, оның ішінде 78 өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, 4802 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 217 өтініш толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 48 өтінішті қарау тоқтатылды.

Есептік кезеңнің соңына қалған өтініш 587 құрайды.

215 өтініш қайта қаралды, оның ішінде 21 өтініш толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 178 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 6 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды және 10 өтінішті қарау тоқтатылды. 330 өтініш ведомстволық бағыныстылығы және аумақтығы бойынша басқа және төмен тұрған органдарға жолданды.