-A A +A

2015-2017 жылдарына Қазақстан Республикасының Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың 12 айы бойынша ақпарат

Әділет министрлігінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жұмыс Қазақстан Республикасының «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы мен ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стратегиясы» жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында, әділет министрінің  «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша кейбір мәселелері туралы» 11.07.2016 жылғы № 555 бұйрығымен, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау, соның ішінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтарға мониторинг жасау  қаматамасыз ету көзделген. 
Жоғарыда аталған бұйрықтың 1-т., 5-тармақшасына сәйкес, ведомстволық бағынышты мекемелер мен аумақтық әділет органдардың жетекшілері, жасалған  әр сыбайлас-жемқорлық фактісі немесе төтенше жағдай бойынша, олардың жасалуының себептері мен жасау жағдайларын анықтау үшін  қызметтік тексерістер жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданады.
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар әділет органдарының құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мақсатында, министрлікте, нөмірлері Әділет министрлігінің сайтында көрсетілген, Cаll – орталық пен «Сенім телефоны» жұмыс істейді, олардың қызметі жауапты қызметкердің күн сайынғы кезекшілігімен қаматамасыз етіледі.
2017 жылдың 12 айы бойынша әділет органдары қызметкерлерінің  құқыққа қарсы немесе сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекеттері туралы хабарламалар сенім телефонына түскен жоқ.
Сонымен қатар, аумақтық бөлімшелерге жазбаша тапсырмалар жіберіледі, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы жиналыстар жүргізіледі (19.01.2017ж., 28.01.2017ж., 26.04.2017ж., 21.07.2017ж., 09.08.2017ж. хаттар, сонымен қатар 06.01.2017ж., 28.03.2017ж. БКБ).
Талдау келесіні көрсетті, қабылданған профилактикалық сипаттағы шаралар кешені, қозғалған қылмыстық істердің төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер берді. 
Осылайша, 2017 жылы 10 тұлғаға қатысты сыбайлас-жемқорлық істер қозғалса, 2016 жылдың осы мерзімінде  21 тұлғаға қатысты  сыбайлас-жемқорлық істер қозғалды, бұл дерек жыл көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетті.
 Сонымен қатар, 2017 жылы 2016 жылға қарағанда, сыбайлас-жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың саны төмендегені байқалады.
2017 жылы аумақтық әділет органдарының 12 қызметкері сотталды, олардың ішінде 5 тұлғаға қатысты сыбайлас-жемқорлық қылмыстармен, 7 тұлғаға қатысты өткен жылдардағы қылмыстар бойынша  істер қозғалды, ал 2016 жылдың осы мерзімі бойынша  24 тұлға сотталды.  
Құқықбұзушылықтарға толық және жан-жақты мониторинг жасау мақсатында, әділет органдарының, соның ішінде орталық аппараттың қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық базасы бойынша тексерілді.
Тексеру нәтижелері, 2017 жылдың 12 айы бойынша әкімшілік жауаптылыққа аумақтық бөлімшелердің 131 мемлекеттік қызметкерлері тартылғанын көрсетті.
Мониторлау барысында, әкімшілік құқықбұзушылықтардың негізгі саны, қызметкерлердің жол ережесін сақтамау, оның ішінде жүргізуді оқыту бойынша ережелерді бұзу, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қатысушыларының жол белгілері мен жолдың көлік жүретін бөлігіндегі белгілеулер көздеген  ережелерін бұзу, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу мен бағыттық көлік құралдарының аялдау, тұрғылықты аумақтарда қозғалу мен жолаушыларды тасымалдау  ережелерін бұзу бойынша жасалғаны анықталды.
Қызметкерлердің бәрі мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұл төлейтіндері ескертілді. Орындарда құқықбұзушлықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізлуде.
Барлық мемлекеттік қызметкерлердің назары, сыбайлас-жемқорлықтың деңгейін түпкілікті түрде қысқартуға ықпалын тигізетін, оның себептері мен мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында тудыратын жағдайларды жоюға бағытталған  ескертпелі сипаттағы   кешенді шараларға бөлінеді.
Осыған орай, құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша едәуір екпін негізінде, келешекте құқықбұзушылықтарды жасау жағдайларын тудыратын фактілерді төмендетуге әсерін тигізетін,  соның ішінде, сыбайлас-жемқорлық көріністерін ескертуге, оларды анықтау мен алдын алуға бағытталады.