-A A +A

2015 жылы 9 ай ішінде Қазақстан Республикасының 2015 - 2017 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген көлеңкелі экономикаға қарсы тұруды орындау мақсатымен ҚР әділет органдарының жүйесінде 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін сақтау мақсатында Жауапты хатшының 2009 жылғы 1 қазандағы № 749 бұйрығымен сыбайлас жемқорлықпен күресу және Департаменттер мен аумақтық әділет органдары үшін мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы статистикалық есеп-қисап бекітілген.

Салыстыру тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп, әділет органдарының қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында ҚР Әділет министрі 2009 жылғы 12 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» №252 бұйрық шығарды, онымен қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелердің, аумақтық әділет органдарының бірінші және тікелей басшыларының тәртіптік жауапкершілігі белгіленді.

Мемлекеттік қызметкерлермен этиканы сақтауды бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Салалық бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпаратты уақтылы ұсынады.

Басқармада сенім телефоны тұрақты жұмыс істейді, оның нөмірі Министрліктің сайтында жарияланған.

Әрбір аумақтық әділет органында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтау жөніндегі уәкілетті қызметкерлер қызметті жүзеге асырады, олар Министрлікте дайындық деңгейін арттыру мақсатында үнемі сынау мерзімінен өтеді.  

Есеп беру кезеңінде облыстардың Әділет департаменттерінің 27 қызметкері Департаментте сынау мерзімінен өтті.

Аумақтық әділет органдарының ғимараттарында азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен жолданымдарына арналған қораптар орнатылған және жұмыс істейді, барлық қызметкерлер әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына хабардар ету міндеттемесі туралы жазбаша міндеттемелерін қабылдады.

Есепті кезеңде Басқарма жеке және заңды тұлғалардың 35 өтінішін қарады және шешті. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің блогына түскен жеке және заңды тұлғалардың 30 өтініші қаралды және шешілді.

Әділет органдары мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатымен тұрақты негізде құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алу тақырыбы бойынша БАҚ (баспа/радио/теледидар) сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер (брифингтер), дәрістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырылады; әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру мақсатында халықпен тұрақты кездесулер өткізіледі.

Осылай, есепті кезеңде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған сөйлеген сөздер қатары өткізілді, атап айтқанда: БАҚ (баспа) 336 басылым, БАҚ (теледидар) 73 сөйлеген сөздер, радиода 40 сөйлеген сөздер.    

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша аумақтық әділет органдары: 130 дөңгелек үстел, 650 дәрістер, семинарлар, тренингтер, 5 баспасөз конференциялары, брифингтер өткізілді, аумақтық әділет органдарының барлық қызметкерлері ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын білуге сынақтан өтті.   

Әр аппараттық және жедел кеңестерде құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бағынысты қызметкерлердің жұмысын тиісті түрде бақылауды қамтамасыз етуге қатаң нұсқаулық беріледі. Әділет басқармаларының аумақтық, аудандық және қалалық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын және еңбек тәртібін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басшы лауазымдарына ұсыну кезінде бұрынғы жұмыс орнынан әшкерелейтін мәліметтерді анықтау үшін іс-шаралар жүргізіледі.

Бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар нәтижесінде жаңадан тағайындалған қызметкерлермен түсіндірме сұхбаттар жүргізілуде.

Бұдан басқа, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу деңгейін арттыру мақсатында құрылымдық және аудандық бөлімшелер тұрақты негізде құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 40 «Қазақстан Республикасының әділет органдарында жұмысты ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес Әділет департаментінің басшыларымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді.