-A A +A

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдар

Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштерды қарап, талдау жасағанда, келесідей нәтежиелерді көруге болады.
Талданып отырған кезеңде Министрлікке 7378 (2015ж. осындай кезеңінде – 7908) өтініштер, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы 1234 (2015ж. – 1320) өтініш, 5683(2015ж. – 5918) жеке тұлғалардан,1694 (2015ж. – 1990) заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштер.
Есепті кезеңдегі 7378 өтініштердің 5559 – арыз, 1503- шағым және 302- сұрау болып табылады, бұл ретте 6554 (88%), (2015ж. – 7256) орыс тілінде, 824 (12%), (2015ж. – 652) мемлекеттік тілдегі өтініштер.
Басқа мемлекеттік органдардан, оның ішінде есепті кезеңде жоғары тұрған органдардан 1087 (2015ж.– 987) өтініштер түскен, ҚР Президент Әкімшілігінен- 520 (2015ж. – 445), ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 211 (2015ж. – 246), ҚР Парламентінен - 356 (2015г. – 296).
Жалпы келіп түскен өтініштердің 3798 немесе 51,4% Сот актілерін орындау департаменті, 2133 өтініштер немесе 28,9% - Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті, 416 немесе 5,6% - Зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметтеріне тиесілі.
Талдау барысында келіп түскен жазбаша өтініштердің, көбінесе өтініш берушілер сот шешімдерін орындамау мәселелері бойынша, соның ішінде алимент өндіріп алу туралы, борышкерлердің тізілімінен алып тастау, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сондай-ақ әділет органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдарымен жүгінген.
Бұдан басқа жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талданып отырған кезеңде қайтадан 1028 қайталама өтініштердің Министрлікке түсу фактілері орын алған.
Қайталанған өтініш себептері негізінде өтініштер авторларының бастапқы жауаппен келіспеушіліктері, сондай-ақ пошта арқылы жіберілетін жазбаша жауапты уақтылы алмау болып табылады
Сонымен қатар, есепті кезеңде жекелеген бөлімшелердің тарапынан 31 орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері орын алды (САОД - 15, ЗМҚ – 5, ТҚжәнеЗҚҰД - 7, СҚҰД - 3, НҚАТД-1).
Нәтижелері бойынша енгізген қызметтік жазбаларға сәйкес, Министрліктің Регламентіне сәйкес, өтініштерді қарау мерзімін бұзғаны үшін 31 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.