-A A +A

2017 жылғы 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат

Әділет министрлігінде (бұдан әрі-Министрлік) талданып отырған кезеңде  жеке және  заңды тұлғалардан 3550 өтініш келіп түскен,  2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  (2016 ж. 6 айында - 3733)  4,9%-ға  азайған, оның ішінде 2534 өтініш (2016ж.–2626) жеке тұлғалардан және 1016 өтініш (2016ж.–1107)  заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен.
Сонымен қатар,  3550 өтініштің  1087 өтініші Министрлікке электронды үкімет порталы арқылы келіп түскен, яғни 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  (2016 ж. 6 айында - 6333)  44,8%-ға  көп түскен.
Есепті кезеңде  келіп түскен 3550 өтініштің 2803  арыз (2016 ж. - 2924), 603 шағым (2016 ж. - 646) - және 144 сұрау салу (2016 ж. - 163), сондай ақ, 3195 орыс тілінде (2016 ж. - 3127), 355- мемлекеттік тілде (2016ж.–606) келіп түскен.
Басқа мемлекеттік органдардан, есепті кезеңде жоғары тұрғандардан 558 (2016ж.-448) өтініш, оның ішінде: ҚР Президент  Әкімшілігінен – 238 (2016ж.- 217), ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 120 (2016ж.-119), ҚР Парламентінен – 200 (2016ж.-112) өтініш келіп түскен.
Өтініштердің қаралу нәтижесі бойынша 140 (2016ж.-203) қанағаттандырылған, 29 (2016ж.-28) – қанағаттандырудан бас тартқан, 2039 (2016ж.-2234) түсініктеме берілген,  67 (2016ж.-61) қараудан бас тарту туралы шешім қабылданған, 327 өтініш орындалуда .
Бұдан басқа, аумақтық әділет органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша  қарау үшін 890 өтініш (2016ж.-1115) жолданды.
Барлық келіп түскен 3550 өтініштің 58–і басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша  орындауға жіберілген.
Зерделеу барысында келіп түскен өтініштердің негізгі бөлігі сот актілерін орындамау - 1942, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу - 1146, зияткерлік меншік құқығы - 184, сот сараптама қызметі мәселелеріне тиесілі -132,  басқа сұрақтар бойынша – 96. 
Бұдан басқа, талдау жасалған кезеңде Министрлікке 178 қайталанған өтініш келіп түсті.
Қайталанған өтініштердің  ішінде  арыз иелері көбінесе  сот актілерін орындамау - 121, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу - 46, зияткерлік меншік құқығы - 5, сот сараптама қызметі  сұрақтары бойынша – 6  жүгінген.
Статистикалық  деректерді талдау өтініштердің басым бөлігі сот орындаушыларының алименттерді өндіру жөніндегі әрекетсіздігіне және мәжбүрлі орындау, шығуға тыйым салуды уақытсыз алып тастау, борышкерлер тізілімінен алып тастау, тыйым салынған мүлікті сатуда қажетті шараларды қабылдамауға шағым түрінде түскендігін көрсетті.
Жалпы, есептік кезеңде қаралған өтініштердің нәтижесі бойынша жіберген бұзушылықтары үшін 109 мемлекеттік және жеке сот орындаушылар  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылған.
Екінші үлес салмағы бойынша тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініштер.
Талдау жасалған кезеңде көрсеткендей азаматтардың жүгінудің себептері құқықтық кадастрдегі жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, сондай-ақ нотариустардың олар мәмілелерді куәландыру кезіндегі әрекетіне шағымдармен, мұрагерлікке құқық туралы куәлікті беру,  нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту, адвокаттың заң көмегін көрсетудің төмен сапасы, адвокаттардың кәсіби міндеттерін орындамау мәселелері.
Нотариустардың, адвокаттардың және бағалаушылардың әрекетіне шағымдардың санын азайту мақсатында әділет органдары олардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдайтынын атап өткен жөн.
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардан шағымдарды туғызатын себептерді жою мақсатында, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақталуына бақылауды күшейту және адвокаттар алқасымен және нотариаттық палаталармен бірлесе отырып, қолданыстағы заңнаманы зерттеу бойынша оқыту семинарларын жүргізу,  сондай-ақ заң көмегін алу мәселелері бойынша  ауылдық елді мекендерге  көшпелі консультациялар жұмыс істеуі  жөніндегі тұрақты түрде тапсырмалар  жіберіледі.
Бұдан басқа,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен тиісті жұмысты ұйымдастыру мақсатында  Министрлікте есепті кезеңде Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін  қарау кезінде  заңнаманы сақтау мәселелері бойынша 2 семинар-кеңестер (ақпан, маусым)  ұйымдастырылды.
Бұл ретте, Министрлік қызметкерлері үшін азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы   жадынамалар дайындалған.
Азаматтардың өтініштерін қарау және жеке және заңды тұлғалардың  шағымдарын туындататын себептерді жою бойынша жұмыс жалғасатын болады.