-A A +A

2019 жылғы 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат

2019  жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне 5 мыңнан (5607) астам жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түсті, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда (915) 16,4% - ға (4692) көбейген.

Жалпы өтініштер санынан 276 өтініш ҚР Президент Әкімшілігінен (2018ж.- 223), 223 - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен (2018ж.- 170), 240 -  ҚР Парламентінен (2018ж.- 172), 1851 - «Электронды үкімет» порталы арқылы (2018ж.- 1748),  3756 -  Министрлікке  әдеттегі тәсілмен келіп түскен өтініштер  (қолма-қол/пошта арқылы) (2018ж.- 2379).

Бұдан бөлек, есепті кезеңде 883 (2018ж. – 620) өтініш  ҚР әділет Министрінің блог-платформасына келіп түсті.

Сонымен қатар, WhatsApp арқылы 4698 өтініш түсті (2018 ж. –  4233)

Есептік кезең ішінде мемлекеттік тілде – 1074 өтініш (2018ж. –497 ),  орыс тілінде 3918 (2018ж.–4195 ) өітініш келіп түсті.

Өтініштердің сипаты бойынша  2019 ж 1 жартыжылдығында   3963 (2018 ж.  – 3872) арыз, 1644 (2018 ж.  – 574) шағым, 135 (2018 жылы  – 246) сұрау салу болып табылады.

Министрліктің қарауына мазмұны бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштердің негізгі бөлігі немесе 56,9% (3192) сот актілерінің орындалмауы мәселелеріне  келеді. Екінші орында өтініштер саны бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары – 1553 өтініш немесе 27,6%.

Жалпы өтініштердің 10% төмені сот-сараптама қызметі – 223 немесе 3,9%, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша – 150 немесе 2,6%, зияткерлік меншік құқықтары бойынша – 190  немесе 3,3%, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бойынша – 67 немесе 1,1%.

Ең аз саны бойынша өтініштер мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау – 10 (0,1%), халықаралық құқық мәселелері бойынша – 10 өтініш немесе 0,1%, қаржы мәселесі бойынша – 5 немесе 0,1%,  кадр мәселелері – 43  немесе 0,7% құрайды.