-A A +A

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу тәртібі

Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде құқықтық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

Адвокаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

2011 жылғы 15 тамыздан бастап адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар электрондық түрде беріледі.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартымен реттелген.   

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін келесі қажет:

1 қадам.

Адвокаттық қызметпен айналысуға тағылымдамадан өту.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам адвокаттар алқасының төралқасына келесі құжаттарды тіркеп тағылымдамадан өтуге рұқсат туралы өтінішпен жүгінеді:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (дипломның түпнұсқасын тексеру үшін ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);

3) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын басқа құжат (дипломның түпнұсқасын тексеру үшін ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);

4) тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар;

5) тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының болмауы туралы анықтама.

Тағылымдама бес жылдан кем емес адвокаттық қызметтің өтілі бар адвокаттың жетекшілігімен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін.

Тағылымгер ретінде жұмыс мерзімі заң мамандығы бойынша қызмет өтіліне кіреді.

Тағылымдаманы ұйымдастыру адвокаттар алқасының төралқасымен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілген адвокаттардың тағылымгерлерімен тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар тағылымдамадан өтпейді.

2 қадам.

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өту.

Тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылған адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестациядан өтеді (бұдан әрі - Комиссия).

Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау Ережесімен анықталады.

Аттестациядан өтуге өтініш үміткердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органының мекенжайына аумақтық әділет органының кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жіберіледі (бұдан әрі - портал).

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өтуге рұқсат туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі керек:

1) ақпараттар нысаны;

2) Әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар (құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады);

Тиісінше рәсімделмеген немесе толық емес құжаттардың пакетін ұсынған жағдайда, өтініш ұсынылған құжаттармен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - аумақтық әділет органдары) үміткерге қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қараусыз, қайтарудың себебі туралы жазбаша хабарламамен қайтарылады.

Егер үміткер «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе аттестацияға қабылданбайды.

Аттестацияға қабылдамау туралы шешім аумақтық әділет органдарымен үміткерге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Аттестацияға қабылдамауды сот тәртібімен шағымдауға болады.

Аттестаттауға жіберілген үміткер жазбаша түрде немесе портал арқылы электронды түрде аттестацияның өткізілетін орны, күні, уақыты туралы оның өткізілуіне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

Аттестация қажет болған жағдайда жүргізіледі, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет.

Аттестация екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білу үшін компьютерлік тестілеуді тапсыру;

2) емтихан билеттерi бойынша үміткердің білiмiн тексеру

Үміткер өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі аттестаттаудан өтуге құқылы.

Тестілеу компьютерлік техника көмегімен жүзеге асырылады.

Аттестация процедурасы аттестациялық кабинеттер компьютерлерін Министрліктің онлайн тестілеу жүйесінің серверіне қосу арқылы жүзеге асыруды көздейді.

Комиссия отырыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін аудио және (немесе) бейнежазба немесе стенографиялау жасалады.

Аттестацияның нәтижелері бойынша Комиссия аттестациядан кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.

Комиссияның шешімін сот тәртібімен шағымдауға болады.

Аттестация туралы шешім оны шығарған күннен бастап алты жыл ішінде жарамды.

Аттестаттаудан өтпеген үміткер қайта аттестаттаудан өтуге кем дегенде бір жылдан кейін қабылданады.

Дәлелді себеп бойынша аттестацияға келмеген үміткер Комиссияның кезекті отырысына шақырылады.

Үміткер қайтадан келмеген жағдайда оның өтініші қараусыз қалады және оған ұсынылған құжаттармен бірге аумақтық әділет органдарымен қайтарылады.

Комиссия жеті мүшеден тұрады, оның ішінде кандидатуралары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқаларының төралқаларымен анықталатын үш адвокат.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау жөніндегі комиссиялардың жеке құрамы және олардың жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 313 бұйрығымен бекітілген.

Аттестациядан келесі тұлғалар босатылады:

1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан сәтті өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған тұлғалар;

2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар;

3) теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеу органдарынан босатылған тұлғалар, кемінде он жыл бойы прокурор немесе тергеуші лауазымында болған жағдайда.

3 қадам.

Лицензия келесі тұлғалар санатына беріледі:

1. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан және Комиссияда аттестаттаудан өткендерге;

2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан сәтті өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған тұлғаларға;

3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқандарға;

4. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеу органдарынан босатылған тұлғаларға, кемінде он жыл бойы прокурор немесе тергеуші лауазымында болған жағдайда.

Лицензия алу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) осы стандарттағы 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;

2) мемлекеттік қызметтің осы стандартындағы 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін ақпарат нысаны;

3) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

4) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама.

5) прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын және лауазымынан босатылған себебі қамтылған (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың көшірмесі - кемінде он жыл бойы прокурор немесе тергеуші лауазымында болған, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеу органдарынан босатылған тұлғаларға талап етіледі.

Лицензиялық алым жергілікті бюджетке төленеді.

Алушының банкі: Қазынашылық басқармасы

Алушы: Тіркеу орны бойынша Салық комитеті

Бюджеттік сыныптама коды: 105 402

Сомасы: 6 АЕК

4 қадам.

Лицензия лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы хабарлама өтініште лицензиат көрсеткен мекен-жайға жіберіледі.

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны қайта рәсімдеу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) мемлекеттік қызметтің осы стандартындағы 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;

2) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi, лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК-тен 10% -ды құрайды;

3) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама;

4) тегі, аты және әкесінің аты өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер бар болса) (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Қағаз түрінде рәсімделген, бұрын берілген лицензия қайтарылуға жатады.

1) өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған), лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК-тен 10% -ды құрайды;

4) тегі, аты және әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат (егер бар болса) (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

5) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның түпнұсқасы;

7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар;

Лицензия лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның телнұсқасын алу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтініш;  

2) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi, лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК құрайды;

3) лицензияны жоғалту жөнінде мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауды растайтын құжат;

4) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама;

Қағаз түрінде рәсімделген, бұрын берілген лицензия қайтарылуға жатады.

Лицензияның телнұсқасы лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Адвокаттық қызметті лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер:

1. 16.05.2014 ж. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. 05.12.1997 ж. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3. «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 27.01.2015 ж. № 56 бұйрығы.

4. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20.01.2015 ж. № 20 бұйрығы;

5. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 24.04.2015 ж. № 231 бұйрығы.