-A A +A

Әділет органдарында қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама

Әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Әділет Министрінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» №555 бұйрығына және Министрлік басшылығының басқа нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының өздері жүзеге асырады, сонымен қатар, әрбір аймақта этикалық кодекс талаптарына сәйкес кәсіби этика нормаларын сақтау жұмысы бойынша жауапкершілік қызметкерлерді басқару бөлімдерінің басшыларына жүктеледі.

Әділет органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Әділет департаментінің басшылары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросының департаменттерімен және «Нұр Отан» Партиясының аудандық бөлімшелерімен ынтымақтастық орнатқан.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар әлемінде азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініштерін Әділет министрлігінің сайты және сенім телефоны арқылы алу кеңінен қолданылады.  

Ағымдағы жылдың аталған кезеңінде жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің 123 хабарламасы алынды, көптеген жағдайларда сот актілерінің орындалу сапасына қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу тақырыбы бойынша БАҚ сөз сөйлеу (баспасөз/радио/теледидар), дөңгелек үстелдер (брифингтер), дәрістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырылады, халық арасында әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру бойынша тұрақты кездесулер өткізіледі.

2016 жылдың 29 сәуірінде Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюромен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы бейнеролик қараумен семинар-кеңес өткізді. Семинар материалдары Министрліктің барлық аумақтық бөлімшелеріне оқуға және жұмыста қолдануға жіберілді.

2016 жылдың 26 мамырында Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кәсіби этика нормалары бойынша Ұлт Жоспарының «100 нақты қадам» - бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру аясында семинар-кеңес өткізілді.

Түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шараларына қарамастан, Министрліктің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен этика нормаларын бұзу фактілері бар.

Сонымен қатар, оң үрдіс байқалады, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар санының қысқартылуы.

Мәселен, егер 2015 жылдың 12 айы ішінде 30 адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер қозғалса, онда ағымдағы жылдың сондай кезеңінде 24 адам тартылды.

Көрсетілген қылмыстық істер санының 72% астамы ҚР ҚК 366-бабы (пара алу) бойынша қозғалған қылмыстық істерді құрайды.

Айта кету керек, қылмыстық істердің 90% сот орындаушыларына қатысты қозғалған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу семинар-кеңестер өткізумен, алдын алу сұхбаттарымен жүзеге асырылады, яғни анайы сипатта болады, ал сыбайлас жемқорлықты жоюдың пәрменді шаралары қолданылмайды. Осылайша, сот орындаушыларының атқарушылық іс-әрекеттеріне, атқару өндірісінің орындалу мерзімін сақтауына және басқа ұйымдастырушылық және басқару атқарымдарына бақылау жүргізілмейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті беделге түсіретін әрекеттер үшін қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту орын алады. Айқын фактілерге сәйкес, 18 қызметшіден көрсетілген негіздер бойынша жауапқа тартылғандардың 6-ы Сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлері болып табылады, 11-і сот орындаушылар және 1-і әділет басқармасының қызметкері болып табылады.

Бұл фактілер өткізілген іс-шаралар тиісті нәтижелер бермеген немесе іс-шаралардың жалғандығы туралы және өз қатарларында, әсіресе сот актілерін орындау саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін жалған жұмыс жасауға бағытталған деп санауға негіз береді. 2016 жылдың 12 айы ішінде 34 қызметтік тексеру жүргізілді, оның ішінде: 18 - орталық аппарат қызметкерлеріне қатысты, 16 - аумақтық әділет органдарының басшылығына қатысты. Тәртіптік жауапкершілікке 62 қызметкер тартылды (2015 жылда - 61), оның 27-і орталық аппарат қызметкерлері (2015 жылда - 21) мен 35-і (2015 жылда - 40) аумақтық органдардың қызметкерлері.

Кадрлық қызмет департаменті МҚІСЖҚІҚА бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің киім нысанына қойылатын негізгі талаптар бойынша Ұсыныстар әзірледі, бұл ұсыныстар барлық қызметкерлерге хабарланады, себебі мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау барысында сыртқы көрінісі мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуге тиіс.

2017 жылдың есепті кезеңінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін аумақтық бөлімшелердің 3 қызметкері (ОҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстары) және Атырау облысының Сот сараптама орталығының 1 қызметкері ұсталды.