-A A +A

Әділет органдарында сыбайлас жемқорлық пен басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы есеп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Жұмыс жоспарына сәйкес, Әділет Министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» №555 бұйрығы әзірленді, ол барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының өздері жүзеге асырады, сонымен қатар, әрбір аймақта этикалық кодекс талаптарына сәйкес кәсіби этика нормаларын сақтау жұмысы бойынша жауапкершілік қызметкерлерді басқару және ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің басшыларына жүктеледі.

Әділет министрлігінде Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген этика жөніндегі уәкілетті туралы Ереженің 9-тармағының талаптарына сәйкес этика жөніндегі уәкілеттінің жұмыс жоспары, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің сайтында орналастырылған мемлекеттік қызметкерлерді және азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді. Сондай-ақ, этика жөніндегі уәкілетті туралы ақпарат және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Этика кодексінің мәтіндері орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары, сондай-ақ қызметтік этика нормаларын сақтау аясында аумақтық бөлімшелер құқық қорғау органдарымен және «Нұр Отан» партиясының филиалдарымен Меморандумдарға қол қойды.

2016 жылдың 29 сәуірінде Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюромен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы бейнеролик қараумен семинар-кеңес өткізді. Семинар материалдары Министрліктің барлық аумақтық бөлімшелеріне оқуға және жұмыста қолдануға жіберілді.

2016 жылдың 26 мамырында Әділет министрлігінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кәсіби этика нормалары бойынша Ұлт Жоспарының «100 нақты қадам» - бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру аясында семинар-кеңес өткізілді.

2017 жылғы 28 наурызда Әділет министрлігінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен бірлесіп, 2016 жылға арналған әділет органдарының жүйесінде кәсіби этика нормаларын сақтау және этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жағдайы мәселелері туралы семинар-кеңес өткізілді.  

Бұдан басқа, тоқсан сайын құқықтық статистиканың аумақтық органдарында әділет органдарының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ақпарат сұратылады.

Осылайша, тексеру барысында орталық аппараттың 54 қызметкерінің және аумақтық әділет органдарының 300-ден астам қызметкерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілері анықталды. Әділет қызметкерлерімен тұрақты негізде әкімшілік айыппұлдарды төлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2016 жылы әділет органдарының қызметкерлеріне қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды. Негізінде қылмыстық істер сот актілерін орындау жүйесінің қызметкерлеріне қатысты пара алғаны үшін қозғалды.

Барлық мемлекеттік қызметкерлердің жетекші рөлі сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге, оны мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында туындататын себептер мен жағдайларды жоюға мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларына апаруға тиіс.

Осыған байланысты құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста елеулі назар негізінде құқық бұзушылықтың, оның ішінде мұнан былай олардың жасалу жағдайын тудыратын фактілерді азайтуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, анықтауға және болдырмауға бағытталады.

 

Кадрлық қызмет департаменті