-A A +A

Лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
1) электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
- дипломның болуы туралы;
- еңбек қызметі туралы;
- Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңының 142 бабының 5 тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, аттестациялауды өткізу туралы»;
4) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі.
Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі және мерзімді өндіріп алу бойынша үш айдан астам берешегі туралы мәлімет НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің дерекқорынан ұсынылады.

Лицензияны порталға қайта ресімдеу үшін:
1) электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Ескертпе:

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы (бұдан әрі-портал) арқылы беріледі. http://elicense.kz )