-A A +A

Сыбайлыс жемқорлықпен күресу бойынша ақпарат

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығына, сонымен бірге Әділет министрлігінің бекітілген жоспары мен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін Әділет министрінің 2016 жылдың 11 шілдедегі № 555 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың мониторингі қамтылған.  
Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық әділет органдарының басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың немесе төтенше оқиғалардың әр фактісіне оны жасаудың себебі мен жағдайын анықтау үшін қызметтік тексерістер жүргізеді, оның нәтижесінде сәйкес шаралар қабылданады.
Сонымен бірге, құқық түсіндіру жұмысының шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Әділет министрлігінде және аумақтық органдарында әділет органдарының қызметкерлерінің мәліметтері бар сайттар іске қосылған, онлайн-режимде тұрғылықты түрде Министрдің блогі жұмыс атқаруда, онда азаматтар әділет саласына қатысты кез-келген мәселелер бойынша, сонымен қатар жасалған құқық бұзушылықтар бойынша да жүгіне алады.
Қойылған барлық сұрақтарға үш күннің ішінде жазбаша түрде жауап беріледі, еш бір арыз қараусыз қалдырылмайды.
Әділет органдарының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, сонымен бірге әділет органдарының құзіретіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру үшін Министрлікте, Әділет министрлігінің сайтында нөмірлері орналастырылған Cаll-орталығы мен «Сенім телефоны» жұмыс атқаруына қызметкерлер атсалысуда.
2018 жылға сенім телефонына әділет органдары қызметкерлерінің заңға қайшы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарлама түскен жоқ.
Аумақтық бөлімшелерге тұрғылықты түсініктемелері жазбаша түрдегі тапсырмалар жіберіліп, бейне – конференц байланыс арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қызметтік этиканың нормалары жайлы кеңестер өткізіліп тұрады (07.03.2018, 20.04.2018г., 19.07.2018г. хаттар, 02.03.2018г., 30.03.2018г.,19.07.2018г., 21.09.2018г., 25.09.2018г. бейнеконференцбайланыс арқылы).
2018 жылдың 2 наурызында Әділет министрлігінде бейнеконференцбайланыс форматында Жауапты хатшының төрағалығымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен мен аумақтық әділет органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерінің, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың шегінде әділет қызметкерлерінің қызметтік этиканың нормаларын сақтау мәселелері, әділет органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша жұмысты әрі қарай жүзеге асыруы, оның нәтижесінде құрылымдық бөлімшелердің және аумақтық әділет органдарының басшыларына қызметтік этиканың нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзуды жібермеу туралы қатаң нұсқау берілді.
Ағымдағы жылдың 30 наурызында Әділет министрлігінде бейнеконференцбайланыс форматында Жауапты хатшының төрағалығымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен мен аумақтық әділет органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерінің, сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшелерінің қатысуымен «Әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» - тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың шегінде әділет органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелері қаралды.
Семинар аяқталғаннан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі жалғастыру жұмысы және уәкілетті органдар мен қоғамның өз-ара ынтымақтастығы жайлы ойларымен бөлісті.
2018 жылдың 21 қыркүйегінде Әділет министрлігінде бейнеконференцбайланыс арқылы әділет органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыстарының 2018 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.
Кеңестің жұмысына Әділет министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Тюлебаев Р., сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Өткізілген кеңестің шегінде Әдеп кодексінің нормаларын сақтаудағы өзекті мәселелер, мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы заңнамалар   талқыланды.
2018 жылдың 25 қыркүйегінде Әділет министрлігінде бейнеконференцбайланыс форматында Жауапты хатшының төрағалығымен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аумақтық әділет органдарының қызметкерлерінің, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Өткізілген семинардың шегінде әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселелері, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу заңнамасын сақтаудағы жұмысты одан әрі жалғастыру қаралды. 
Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган мысалдар келтіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін ұсталған азаматтарға қатысты бейнероликтер көрсетілді.
2018 жылдың 9 айында аумақтық әділет органдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған 2408 іс-шаралар өткізді, оның ішінде 315 БАҚ басылымдарында жарияланымдар, интернет-ресурста 82 жарияланым, теледидар эфиріне 15 бейнеролик және 73 сұхбат шықты, 701 лекция, 840 семинар және 382 дөңгелек стөл өткізілді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген, 2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралардың 86 тармағына сәйкес, қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту практикасын күшейтуді еңгізу мәселесі іске асырылуда.