-A A +A

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы ақпарат

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) 08.12.91 жылы құрылды.

Мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина.

ТМД мақсаттары:

  • саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастық;
  • халықаралық құқықтың және ЕҚЫҰ құжаттарының жалпыға танылған принциптері мен нормаларына сәйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық;
  • өзара құқықтық көмек және басқа да құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастық;
  • ТМД мемлекеттері арасындағы даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу;
  • басқалар.

Жарғылық органдар: Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Экономикалық кеңес, Қорғаныс министрлерінің кеңесі, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Парламентаралық Ассамблея, Экономикалық Сот.

ТМД қатысушы мемлекеттерінің Әділет министрлерінің кеңесі ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2005 жылғы 26 тамыздағы Шешімімен құрылды (құрылған сәтінен бастап 10 отырыс өткізілді).

ТМД ӘМК мүшелері: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әділет министрлері. Қазақстан бақылаушы ретінде қатысады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2005 жылғы 26 тамыздағы МБК Шешіміне қосылу жөнінде жұмыс жүргізуде.

Кеңестің міндеттері:

- ТМД қатысушы мемлекеттерінің заңнамасын үйлестіруге жәрдемдесу;

- құқықтық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы, сондай-ақ 2005 жылғы 26 тамыздағы ТМД МБК Шешіміне қол қойған мемлекеттердің заңнамалары туралы ақпарат алмасуға жәрдемдесу;

- ТМД қатысушы мемлекеттерінің ақпараттық-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу;

- және басқалар.

Кеңестің атқарымдары:

- әділет министрліктерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- ТМД қатысушы мемлекеттерінің құқықтық салада мемлекетаралық жобаларды, бағдарламаларды және басқа да бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;

- басқалар.