-A A +A

Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы туралы ақпарат

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылғы 15 мамырда қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған халықаралық қауіпсіздік саласындағы халықаралық өңірлік ұйым болып табылады.

ҰҚШҰ мүшелері - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. Шарттың күші бес жыл сайын ұзартылады.

ҰҚШҰ негізгі мақсаты - бейбітшілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық негізде қорғау, мүше мемлекеттері саяси құралдарға қол жеткізуде басымдығын береді.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуін реттейтін шарттық-құқықтық базаны әзірлеу бойынша және қорғаныс, әскери құрылыс және қауіпсіздік мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы үйлестіру бойынша шаралар қабылдайды.

ҰҚШҰ негізгі қызмет бағыттары саяси ынтымақтастықты жан-жақты дамыту, әскери құрамды дамыту және жетілдіру, халықаралық лаңкестік пен экстремизмге, есірткі, қару-жарақтар мен басқа да қатерлердің заңсыз айналымына қарсы тұру болып табылады.

ҰҚШҰ органдары: Ұжымдық қауіпсіздіктің кеңесі; Сыртқы істер министрлерінің кеңесі; Қорғаныс министрлерінің кеңесі; Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті; Тұрақты кеңес.

ҰҚШҰ Хатшылығы және ҰҚШҰ Бірлескен штабы ҰҚШҰ тұрақты жұмыс істейтін органдары болып табылады.  

Парламентаралық ынтымақтастық органы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы болып табылады.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің ұлттық заңды хұкіміне жататын істерге араласпау, мүше мемлекеттердің құқықтарының және міндеттемелерінің теңдігі, ерікті қатысу, тәуелсіздікке мүлтіксіз құрмет негізінде әрекет етеді, сондай-ақ жалпыға танылған халықаралық құқық қағидаларында негізделген әділ, демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ресми сайт: Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымының ресми сайты