-A A +A

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі

Іздестіру
Құрметті сайтты пайдаланушылар! 
 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнде атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» жүргізіледі.
Тізілімді жүргізу «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 36-бабына  сәйкес жүзеге асырылады.
 
БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІНЕН АЛЫП ТАСТАУ ТӘРТІБІ
Берешек сомасын «Қазпочта» АҚ касса қызметтері мен терминалдары, Post.kz пен www.kaspi.kz веб-сервистерінің көмегімен онлайн төлеу функционалы және IOS пен Android (смартфондар) базасында мобильдік қосымшалар арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылған қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкердің деректері автоматты түрде жойылады.
Берешек сомасы туралы мәліметтерді алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу немесе «Қазпочта» АҚ касса бөлімдеріне жүгіну талап етіледі.
Сондай-ақ, атқарушылық құжат бойынша берешек сомасын кез келген банк бөлімінде төлеп, одан әрі төлем түбіртегін сот орындаушысына ұсынуға болады.
Сот орындаушысы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 47-бабы 2-тармағына сәйкес бір тәулік ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарып, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкердің деректерін алып тастайды.
Сот орындаушысы Заңның 48-бабына сәйкес аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.
Ескерту: Аталған фунуционал арқылы мерзімді өндіріп алу (алиментті өндіріп алу және зиянды өтеу) бойынша берешекті төлеу, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттың талаптарын (мәжбүрлеу, міндеттеу, қоныстандыру, көшіру және т.б.) орындау мүмкін емес. Бұл ретте, орындаудағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша ғана берешек сомасын төлеуге болады.

Келесі телефон нөмірлері арқылы қызмет жұмысы бойынша кеңес алуға болады: 8 (7172) 74-04-92, 74-06-33.

Аты-жөніңізді келесі ретпен енгізіңіз: фамилия аты әкесінің аты
ЖСН/БСН енгізіңіз (12 сан)
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіз шынымен адамсыз ба екендігін білуге арналған
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
    Басылым нұсқасы