-A A +A

Мадалиев Алмат Курмангазыевич

Әділет вице-министрі - Мадалиев Алмат Курмангазыевич
Мадалиев Алмат Курмангазыевич
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі

Алмат Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 
2013 жылы Джордж Вашингтон Университеті Заң мектебінде "Құқық магистрі" дәрежесін алған.
Нью-Йорк штатында (АҚШ) заң тәжірибесімен айналыса алады, лицензиясы бар. 
Еңбек жолын 2004 жылы бастады. 2004-2008 ж.ж. Алматы қ. «Выбор молодых» ҚҚ заңгердің көмекшісінен заң бөлімі басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.
2009-2010 ж.ж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының көмекшісі болды.
2010-2014 ж.ж. - ҚР ӘМ  Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің бас сарапшысынан, директордың орынбасарына дейін қызмет атқарды.
2014-2016 ж.ж. - «Reed Smith LLP» заңгер болып жұмыс істеді.
2016-2019 ж.ж. - ҚР ӘМ Стратегиялық жоспарлау департаментін басқарды.
2019 жылдың қаңтар айынан - 2019 жылдың наурызына дейін - ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры болды.