-A A +A

Пан Наталья Виссарионовна

Әділет министрінің вице-министрі - Пан Наталья Виссарионовна
Пан Наталья Виссарионовна
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
Наталья Пан 1979 жылы Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, халықаралық саясатшы -заңгер мамандығы бойынша, 2016 жылы – Колумбия университетін (АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.
1999–2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жаппай оқыту бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
2003–2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып қызмет атқарған.
2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2012–2014 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төраға орынбасары болып жұмыс жасаған.
2014–2016 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2016-2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2016), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.