-A A +A

Әділет министрлігі журналистерге арналған конкурс жариялайды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz баспа, электрондық және аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында халықаралық төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі Әділет министрлігінің жұмысын үздік жариялауға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- азаматтардың құқықтық сана-сезімін және құқықтық ақпараттандырылуын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның шетелдік төрелік және соттар алдындағы беделін тұрақты нығайту жөніндегі Әділетминінің жетістіктерін неғұрлым объективті және жанжақты көрсету;

- төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша ӘМ-нің жетістіктерін түсіндіріп тарату.

Конкурсқа республикалық, облыстық, қалалық баспа басылымдарының, телерадиокомпаниялардың, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатыса алады. Жеңімпаз Лондонда өтетін ағымдағы сот процестері шеңберіндегі іс-шараларға қатысу құқығына ие болады.

Конкурсқа 2019 жылғы 1 маусым мен 2019 жылғы 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 1 қараша мен 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында электронды пошта немесе пошта арқылы мына мекен-жайда қабылданады: немесе 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1056 бөлме, «Конкурсқа» деген белгілеумен, байланыс телефондары: 8 (7172)  74-06-01, 55-47-01.

Конкурс туралы барлық ақпаратпен http://adilet.gov.kz (/sites/default/files/files/polozhenie-o-konkurse-myu-kaz.docx)  сайтында танысуға болады.

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172)  74-06-01, 55-47-01.