-A A +A

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 12 қырқүйектегі  ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:

1. Мәжіліс депутаты бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын және оған Үкімет қорытынды жобасын қарастыру (баяндамашы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Алтаев Нұржан Бауыржанұлы, Ішкі істер министрінің орынбасары Жақыпов Рашид Тауфикұлы);

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жакупова Светлана Кабыкеновна);

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жакупова Светлана Кабыкеновна);

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы - Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Камалиев Берик Сайлауович);

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын қарау (баяндамашы - әділет вице-министрі Пан Наталья Виссарионовна).

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

..   Тел: 74-06-01,  74-06-02