-A A +A

Мемлекеттік органның символикасы

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi органдарының рәмiзi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 сәуiр 1995 ж. N 522

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
  1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, оның органдары мен мекемелерiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған рәмiзiнiң бейнесiн пайдалануға рұқсат берiлсiн.
  2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдарының рәмiзi - шеңбердiң 2/3 бөлiгi, лентада екi қырында қазақ және орыс тiлдерiнде "Қазақстан Республикасы", ал астында "Әдiлет" деген жазулары бар. Ортасында шеңбер орналасқан, одан жан-жаққа күн сәулесi тәрiздi тiректер тарайды. Шеңбердiң ортасында таразы бейнеленген. Рәмiздi екi найза қиып өтедi. Түрлi-түстi бейнесi көгiлдiр және сары бояулармен орындалған.
  3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдары рәмiзiнiң көшiрме бейнесi көлемiне қарамастан, эталонның ақ-қара немесе түрлi-түстi бейнесiне сәйкес болуға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi