-A A +A

Нотариат бойынша сұрақтардың үлгі тізімі

1.   Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігін тану қағидасы

2.   Меншік құқығы деген не?

3.   Кәмелетке толмағанды қандай жастан азат етуге болады?

4.   Қандай мәміле жалған деп саналады?

5.   Қандай қатынастар азаматтық заңмен реттелетін мүлікке жатады?

6.   Қандай жастан бастап азамат кәсіпкер болады?

7.   Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтар қандай сәттен пайда болады?

8.   Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері кімдер?

9.   Азамат өз атын өзгертуі жайында кімге міндетті түрде хабарлауға тиіс?

10. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде оның мекендеу жері туралы ақпарат болмаса, қандай мерзім ішінде оны қайтыс болды деп жариялауға болады?

11. Қайтыс болды деп жарияланған азаматтың өлген күні қандай күн болып есептеледі?

12. Коммерциялық ұйымдар деген не?

13. Үлестік пен ортақ міндеттемелердің арасындағы айырмашылық қандай?

14. Қазақстанның заңнамасына сәйкес жалғыз құрылтайшы заңды тұлғаны құра алады ма?

15. Заңды тұлғаның «түрі» мен «нысаны» терминдері арасындағы айырмашылық қандай?

16. Қандай ұйым Еншілес ұйым деп танылады?

17. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес акционерлік қоғам деген не?

18. Акцепт деген не?

19. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдарына не жатады?

20. Ненің салдарынан сенімхат күші тоқтатылады?

21. Кондоминиум деген не?

22. Сақтандыру сомасы туралы түсінік

23. Өзіне мәміле жасасқан комиссионер сыйақы алуға құқылы ма?

24. Қандай тұлғалардың заң бойынша мұра етіп алуға құқығы жоқ?

25. Мұраның құрамына не кірмейді?

26. Банктік салым сертификаты туралы түсінік

27. Кеме жалдау (чартер) шарты - бұл ...

28. Тұрақты әуе тасымалдауларын жүзеге асыратын әуе компаниялар қандай ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады?

29. Жер құқығының мәнін атаңыз

30. Жер деген не?

31. Жер құқық қатынастары деген не?

32. Шетелдік жер пайдаланушыларға кімдер жатады?

33. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға кімдер жатады?

34. Кадастрлық (бағалау) құнына не жатады?

35. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің құрамына не кіреді?

36. Уақытша ақылы жер пайдалану (жалға алу) құқығында шаруа немесе фермерлік қожалықтарын жүргізу үшін жер учаскелері қандай мерзімге ұсынылады?

37. Әкімшілік жер құқық бұзушылықтың қылмыстық жер құқық бұзушылықтан ерекше белгісі қандай?

38. Елді мекеннің қандай аумақтық аймақтары жекешелендіруге жатпайды?

39. Өнеркәсіптік және басқа да арнайы мақсаттағы жерлер санатындағы құрамда қандай жерлер бөлінеді?

40. Рекреациялық мақсаттағы жерлер қандай жер учаскелері жатады?

41. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тұрақты ағаш тұқымы базасының объектiсiне не жатпайды?

42. Су объектілерін бірнеше жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына беру кезінде суды пайдаланудың атауы қандай?

43. Жерді сақтау деген не?

44. Ненің салдарынан неке үзіледі?

45. Қандай жағдайларда неке жарамсыз деп танылады?

46. ​​ Қандай жағдайларда некені бұзу мүмкін емес?

47. Отбасылық типтегі балалар ауылы түсінігін беріңіз

48. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестер қалай анықталады?

49. Қай мемлекеттік орган некені жарамсыз деп таниды?

50. Ана тәрбиешісі кім болуы мүмкін?

51. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар басқа отбасыларға тәрбиеленуге берілетін тәрбие беру нысанын атаңыз?

52. Өткен кезең үшін алименттерді өндіріп алу қандай шекте жүзеге асырылады?

53. Тұлғаның әрекет қабілеттілігі қандай мерзімнен пайда болады?

54. Қайтыс болған адамды мемлекеттік тіркеудің негіздері

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қандай мерзімнен пайда болады?

56. Қандай жастан бастап асырап алынған бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқылы?

57. Ерлер мен әйелдердің де, бір жынысты адамдардың да нақты бірге тұрушылығы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылады ма?

58. Қай мемлекеттік орган некені жарамсыз деп таниды?

59. Отбасылық құқықтың міндеттері

60. Қандай жағдайларда ата-аналар ата-ана құқықтарынан айырылуы мүмкін?

61. Қандай тұлғалар асырап алушылар бола алмайды?

62. Алименттер басқа қарсы талаптармен саналуы мүмкін бе?

63. Қандай жағдайларда ата-аналар өз баласының мүддесін білдіруге құқылы емес?

64. Некеге тұру үшін не қажет?

65. Бала асырап алудың құпиялығын қамтамасыз ету үшін баланың туған күнін қандай мерзімге ауыстыруға болады?

66. Некеге тұруға өтініш берген кезде қандай құжатты ұсыну қажет?

67. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде айрықша мүдделер деген не?

68. Жеке сервитут деген не?

69. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деген не?

70. «Тіркеу ісі» деген не?

71. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде қандай құқықтар тіркеледі?

72. Жария сервитуттарына құқықтар заңды кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады ма?

73. Мемлекеттік тұрғын үй қорында орналасқан тұрғын жайларды пайдалану құқығы заңды кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады ма?

74. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды өндіріп алу тәртібі қандай заңнамамен реттеледі?

75. Қандай жағдайда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды электрондық түрде тіркеу жүзеге асырылады?

76. Неке шарты жылжымайтын мүлікке үлестік немесе жеке меншік тәртібін белгілей алады ма?

77. Қандай жағдайда жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тоқтатылды?

78. Кондоминимум объектісін тіркеу тәртібін кім анықтайды?

79. Сервитуттың таралу саласы қалай анықталады?

80. Мүлік мәртебесі туралы сот актісін жоюдың салдары қандай?

81. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мұрагерде жылжымайтын мүлікке құқықтың пайда болуы қандай уақыттан танылады?

82. Қандай тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды?

83. Қандай жағдайларда, қызметтің ұзақтығына қарамастан, қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге болады?

84. Ерлі-зайыптылардың бірлескен меншік құқығын қандай заңнама анықтайды?

85. Меншік иесі тұрғын үйді басқаларға жалға бере алады ма?

86. Тұрғын үйге ортақ меншікте үлесті басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру тәртібін қай заңнамалық акт анықтайды?

87. Қандай жағдайларда кондоминиум тоқтатылады?

88. Меншік иесі басқа жерде тұра ала ма және басқа адамдарға үймен пайдалану құқығын бере алады ма?

89. Тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?

90. Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу тәртібі қандай органмен анықталады?

91. Лауазымды тұлға түсінігі

92. Нотариустың немен айналысуға құқығы жоқ?

93. Нотариустың лицензиясы қандай мерзімге тоқтатыла алады?

94. Жеке нотариустардың әрекеттеріне азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін кім қарайды?

95. ҚР «Нотариат туралы» Заңы қашан заңды күшке енді?

96. Нотариаттық әрекеттер жасауға құқығы бар тұлғаларға кімдер жатады?

97. Жеке нотариустың қызметіне кім бақылау жүргізеді?